О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 37 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Созакскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Созакского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 37 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Созакскому району"
- Атауы (қаз.)
- Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 17.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 78305_204464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UL002588
- ЭКБ идентификаторы
- 78305
- Редакция идентификаторы
- 78305_204464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:28
0 Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 «Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде «Созақ үні» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
5 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;».