О внесении изменения в решение Созакского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 37 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Созакскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Созакского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 37 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Созакскому району"
- Атауы (қаз.)
- Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 24.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 81000_204466.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UL002708
- ЭКБ идентификаторы
- 81000
- Редакция идентификаторы
- 81000_204466
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:21
0 Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 «Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде «Созақ үні» газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.».