Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 5С-4/4 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе"

Ереже · № 5С-12/3 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2012-no-5-44/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 5С-4/4 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 5С-12/3 ·20.12.2012
26.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 5С-4/4 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-12/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 5С-4/4 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Буландынском районе"
Атауы (қаз.)
Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 "Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-12/3
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
26.04.2013 70390_190711.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BG003628
ЭКБ идентификаторы
70390
Редакция идентификаторы
70390_190711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:22

0 Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 "Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын-үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 (нормативтік құқықтық актісі мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-155 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген, Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Бұланды ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекомуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына; жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын ұй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.»;
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі-егер отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленді.
Бұланды ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай туралы анықтама немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі М.Балпан

Қолданыстағы