Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 27 июня 2012 года № 5-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"

Ереже · № 32-4 · қабылданған 28.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2012-no-5-6/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 27 июня 2012 года № 5-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз" Күшін жойған Ереже ·№ 32-4 ·28.08.2014
15.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 27 июня 2012 года № 5-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"

Күшін жойған Ереже ·№ 32-4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 27 июня 2012 года № 5-6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз"
Атауы (қаз.)
"Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32-4
Қабылданған күні
28.08.2014
Қолданысқа енгізілген күні
12.10.2014
Көрсетілген редакция
15.02.2019 83291_390441.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GA002325
ЭКБ идентификаторы
83291
Редакция идентификаторы
83291_390441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:43

0 "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй

көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының
2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө бұйрығына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-150 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы № 32 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

1 1) 2 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен еңбекке жарамды адамдар»;

2 2) 6 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Тараз қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) беріледі;

3 3) 6 тармақтың екінші абзацында:

«Мүгедектерді» сөзінен кейін «жалғыз тұратын зейнеткерлерді» сөздерімен толықтырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Тараз қалалық мәслихатының

2014 жылғы 28 тамыздағы
№ 32-4 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1

1. «Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы» үшінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы № 8-5 (кезекті сегізінші сессия) шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген, 2005 жылғы 7 қаңтарда № 2 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған);

2

2. «Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы № 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы № 17-13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-17 болып тіркелген, 2005 жылғы 15 желтоқсанда № 87 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған);

3

3. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 2 (1028) «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған);

4

4. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 43-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-136 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 қарашада № 45 (1071) «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы