О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С 15/7
- Қабылданған күні
- 25.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2015 72755_183087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BE003748
- ЭКБ идентификаторы
- 72755
- Редакция идентификаторы
- 72755_183087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:12
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-188 тіркелген, «Атбасар» және «Простор» газеттерінде 2012 жылғы 27 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын:
«Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы»;
шешімнің 1 тармағы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің мемлекеттік тілдегі:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы»;
бірінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
Сағдиев Е.Б.