Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"

Ереже · № 5С 23/4 · қабылданған 11.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2012-no-5-74/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 5С 23/4 ·11.04.2014
09.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 5С 23/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 27 июня 2012 года № 5С 7/4 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Атбасарском районе"
Атауы (қаз.)
Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С 23/4
Қабылданған күні
11.04.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2015 79933_183083.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BE004172
ЭКБ идентификаторы
79933
Редакция идентификаторы
79933_183083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:06

0 Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-188 тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдеде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының аумағында тұрақты тұратын меншік иелері немесе тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге шығындар отбасының (азаматтардың) бюджетінің осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын жағдайда ұсынылады.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісінің 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
Ж.Нұркенов

Қолданыстағы