О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников"
- Атауы (қаз.)
- "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 509
- Қабылданған күні
- 22.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2017 AI72697_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000509
- ЭКБ идентификаторы
- 72697
- Редакция идентификаторы
- AI72697_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:04
0 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 818-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Ұйымдардың басшылары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсынады.
10-2. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол бар болған кезде), туған күні мен жерін ауыстырғаны туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғанын тіркеу жағдайлары туралы хабарлайды.
10-3. Халықты әлеуметтік қорғау органдары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.";
64-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
"64-1. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен алу туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына беріледі.".