О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 27 августа 2012 года № 968/8 "Об утверждении регламентов государственных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 27 августа 2012 года № 968/8 "Об утверждении регламентов государственных услуг"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 968/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1191/11
- Қабылданған күні
- 01.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2012 AI68691_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PC003262
- ЭКБ идентификаторы
- 68691
- Редакция идентификаторы
- AI68691_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 968/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік ресімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745, 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 1119 қаулыларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 тіркелген, 2012 жылғы 4 қазанда № 40 (1134) "Отарқа" және № 40 (2946) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 968/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының барлық мәтіні бойынша "Оқушыларды және тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдарына тегін жеткізу мен кейін үйіне апарып салуды қамтамасыз ету" сөздері "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" сөздерімен ауыстырылсын;
2) "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу"" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.";
3) "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет регламентінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі."