О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2013 года № 140 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2013 года № 140 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 14.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2021 142816_544280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NC009184
- ЭКБ идентификаторы
- 142816
- Редакция идентификаторы
- 142816_544280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:32
0 Мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2013 жылғы 27 қарашадағы № 140 шешіміне (2014 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;».