О внесении дополнений в решение районного маслихата от 27 ноября 2013 года № 155-V «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата от 27 ноября 2013 года № 155-V «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 289-VI
- Қабылданған күні
- 16.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2022 131778_596762.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TF004405
- ЭКБ идентификаторы
- 131778
- Редакция идентификаторы
- 131778_596762
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:56
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қарашадағы № 155-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2799 санымен тіркелген, аудандық «Дендер» газетінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы келесі мәтіндегі 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;»;
«7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;»;
«8) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.».