О внесении изменений в решение Мактааральского районного маслихата от 27 июня 2013 года № 17-99-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мактааральского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мактааральского районного маслихата от 27 июня 2013 года № 17-99-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мактааральского района"
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38-228-V
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2014 86431_3046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UG002970
- ЭКБ идентификаторы
- 86431
- Редакция идентификаторы
- 86431_3046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:24
0 Мақтаарал аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 маусымдағы №17-99-V
«Мақтаарал ауданының ауылдық елді
мекендерде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №17-99-V «Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2343 тіркелген, 2013 жылғы 9 тамыздағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.».