О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года №С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года №С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-32/6
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2016 86101_178361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BA004605
- ЭКБ идентификаторы
- 86101
- Редакция идентификаторы
- 86101_178361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:24
0 Көкшетау қалалық мәслихатының
2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4
«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және Көкшетау қаласы мұқтаж
азаматтарының жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындаудың қағидаларын
бекiту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы
№С-19/4 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тараудың 10 тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға байланысты, табысын есепке алмай, жылына бір рет:
- туберкулез ауруларымен ауыратын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға әлеуметтік төлемдер бойынша комиссия шешімімен табысы есепке алынбастан, Ақмола облыстық тубдиспансерінің тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе үш ай бойы азық-түлік жиынтығын және емделген кезде қала бойынша жүріп тұруға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде соманы;
жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлар анықталғанда, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, апат, лаңкестік жағдайында бөлінген қаражатқа байланысты.»;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«5) отбасының жанбасына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
10 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және өткізілген конкурсқа сәйкес ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен, туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы құны 300 теңгеге ыстық тамақ ұйымдастыруға.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»