О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года №С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года №С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттарындағы мұқтаж азаматтарының тізбесін анықтау, мөлшерін белгілеу және әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-34/3
- Қабылданған күні
- 16.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2016 87262_178367.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BA004676
- ЭКБ идентификаторы
- 87262
- Редакция идентификаторы
- 87262_178367
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:39
0 Көкшетау қалалық мәслихатының
2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4
«Көкшетау қаласының жекелеген
санаттарындағы мұқтаж азаматтарының
тізбесін анықтау, мөлшерін белгілеу және
әлеуметтік көмек көрсету Ережесін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы №С-19/4 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттарындағы мұқтаж азаматтарының тізбесін анықтау, мөлшерін белгілеу және әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тараудың 2 тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
Е. Маржықпаев
2015 жылғы «16» ақпан