Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года № С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»

Ереже · № С-41/5 · қабылданған 22.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2013-no-194/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года № С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау» Күшін жойған Ереже ·№ С-41/5 ·22.09.2015
26.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года № С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»

Күшін жойған Ереже ·№ С-41/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 27 августа 2013 года № С-19/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
Атауы (қаз.)
Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-41/5
Қабылданған күні
22.09.2015
Көрсетілген редакция
26.04.2016 94521_178365.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BA005015
ЭКБ идентификаторы
94521
Редакция идентификаторы
94521_178365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:18

0 Көкшетау қалалық мәслихатының

2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4
«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және Көкшетау қаласы мұқтаж
азаматтарының жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындаудың қағидаларын
бекiту туралы» шешіміне өзгеріс
пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,оның

мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте «Көкшетау» газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

8 «8. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:

1 1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығарған күні;

2 2) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

3 3) 26 сәуір-Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күні;

4 4) 9 мамыр - Жеңiс күнi;

5 5) 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

6 6) 1 маусым - Балаларды қорғау күнi;

7 7) 1 қазан - Қарттар күнi.»;

10 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Көкшетау қаласында жұмыспен өтеу есебімен.Төлем оқу құнының 100% мөлшерінде білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
Е. Маржықпаев
2015 жылғы «22» қыркүйек

Қолданыстағы