О внесении изменений и дополнения в решение Казталовского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 20-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Казталовского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 20-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района»
- Атауы (қаз.)
- Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-5 «Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-4
- Қабылданған күні
- 15.05.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2020 121940_460735.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZH005208
- ЭКБ идентификаторы
- 121940
- Редакция идентификаторы
- 121940_460735
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:31
0 Казталов аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-5 «Казталов ауданының
әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№20-5 «Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3411 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 2,5 АЕК мөлшерінде.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісік ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 3-қосымшасындағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 300 000».
2 2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім 2018 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары Б.Қонысбаева
«21» 05 2018 жыл
Ескерту: аббревиатураның шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.