Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 27 ноября 2013 года № 3407 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қаулы · № 1996 · қабылданған 30.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2013-no-3407-ekb-142708/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 27 ноября 2013 года № 3407 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность» Қолданыста Қаулы ·№ 1996 ·30.04.2020
30.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 27 ноября 2013 года № 3407 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қолданыста Қаулы ·№ 1996 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 27 ноября 2013 года № 3407 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1996
Қабылданған күні
30.04.2020
Көрсетілген редакция
30.04.2020 142708_460330.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CA007089
ЭКБ идентификаторы
142708
Редакция идентификаторы
142708_460330
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:40

0 Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 3407 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3715 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының қазақ тіліндегі тақырыбында, 1 тармағында және жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасында: «Қағидасын», «Қағидасы», «Қағида» сөздері «Қағидаларын», «Қағидалары» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағиданың 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«8. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады».».

2 2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы