О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2013 года № 400 "Об утверждении перечня учебников, учебно-методических комплексов, пособий и другой дополнительной литературы, в том числе на электронных носителях"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2013 года № 400 "Об утверждении перечня учебников, учебно-методических комплексов, пособий и другой дополнительной литературы, в том числе на электронных носителях"
- Атауы (қаз.)
- "Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 06.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2019 101216_406726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013593
- ЭКБ идентификаторы
- 101216
- Редакция идентификаторы
- 101216_406726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:44
0
«Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8890 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 263 (28202) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оқыту орыс тіліндегі 1-11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесінде:
«7-сынып» мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 77-1, 77-2, жолдармен толықтырылсын:
«
77-1
Қазақ тілі. Оқулық. 7-сынып
Т. Артықова,
Г. Ермекбаева
2016
Атамұра
77-2
Физика. Оқулық. 7-сынып
Р. Башарұлы,
У.Тоқбергенова, Д. Қазақбаева
2016
Атамұра
»;
«8-сынып» мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 176-178, жолдармен толықтырылсын:
«
176
Қазақ тілі. Оқулық.
8-сынып
Т. Артықова,
Г. Ермекбаева
2016
Атамұра
177
Қазақ тiлi. Оқулық
8-сынып
С. Жұманова
2016
Мектеп
178
Қазақ тілі. Оқулық
8-сынып
С. Дүйсебаев,
А. Қошқари,
Г. Байтілеуова,
Г. Боранбаева
2016
Мектеп
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құралдар тізбесі, мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 145-146, жолдармен толықтырылсын:
«
145
Зайырлылык және дінтану негіздері
Ғ. Есім,
Е. Смағұлов
2016
Білім
146
Светскость
и основы религиоведения.
Учебник. 9 класс
Есим Г.,
Абуов А.,
Смагулов Е.
2016
Білім
».
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.