О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 27 сентября 2013 года № 761 «Об утверждении Правил планирования и проведения путевых работ по обеспечению безопасности судоходства на внутренних водных путях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 27 сентября 2013 года № 761 «Об утверждении Правил планирования и проведения путевых работ по обеспечению безопасности судоходства на внутренних водных путях»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 753
- Қабылданған күні
- 30.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2018 126460_376405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017792
- ЭКБ идентификаторы
- 126460
- Редакция идентификаторы
- 126460_376405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:47
0 «Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын
бекіту туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8861 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 18 ақпандағы № 33 (28257) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың әрекеті «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тізбесін және оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11862 болып тіркелген) сәйкес кеме қатынасы санатына жатқызылған жер үстi су объектiлерiне қолданылады.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кеме жолындағы навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың көлемі навигацияның тәуліктік созылуына кеменің жүретін жолдың километрі ұзақтығын көбейтумен километр-тәуліктерде анықталады.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Жол учаскесінің ұзақтығы және осы учаскені айналып өту жиілігі жолдардың сипаттамаларына (габариттеріне, ағыстың жылдамдығы, судың саяз жерінің санына және т.б), учаскенің навигациялық белгі құралдарымен толықтығы, техникалық құралдардың жаңарту сапасына және кеме жолының қарқындылығына байланысты болады. Бірақ айына 4 айналымнан кем емес.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ У.Е. Шукеев
2018 жылғы «___» ___________