Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 866 «Об утверждении Правил привлечения граждан к защите Государственной границы Республики Казахстан в пределах пограничного пространства»

Қаулы · № 104 · қабылданған 12.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2013-no-866-ekb-129535/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 866 «Об утверждении Правил привлечения граждан к защите Государственной границы Республики Казахстан в пределах пограничного пространства» Қолданыста Қаулы ·№ 104 ·12.03.2019
12.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 866 «Об утверждении Правил привлечения граждан к защите Государственной границы Республики Казахстан в пределах пограничного пространства»

Қолданыста Қаулы ·№ 104 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 866 «Об утверждении Правил привлечения граждан к защите Государственной границы Республики Казахстан в пределах пограничного пространства»
Атауы (қаз.)
«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
104
Қабылданған күні
12.03.2019
Көрсетілген редакция
12.03.2019 129535_392967.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000104
ЭКБ идентификаторы
129535
Редакция идентификаторы
129535_392967
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:51

0 «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін жедел іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жасырын ынтымақтастық түрінде Мемлекеттік шекараны қорғауға адамдарды тарту Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2019 жылғы 12 наурыздағы
№ 104 қаулысына
1-қосымша
Шекаралық кеңістік шегінде
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын
қорғауға азаматтарды
тарту қағидаларына
1-қосымша
Осы куәлікті көрсетуші шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға жәрдем көрсетеді. Осы куәлік жеке басын куәландыратын куәлікті көрсеткен кезде жарамды.
Шекаралық кеңістік шегіндегі мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, кәсіпорындар мен мекемелердің (бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан) барлық лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша көмек көрсетуді сұраймын.

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2019 жылғы 12 наурыздағы
№ 104 қаулысына
2-қосымша
Шекаралық кеңістік шегінде
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын қорғауға
азаматтарды тарту қағидаларына

Қолданыстағы