О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Урджарского района от 27 февраля 2013 года № 91 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Урджарского района от 27 февраля 2013 года № 91 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 91 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 10.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2016 80405_273791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VR003358
- ЭКБ идентификаторы
- 80405
- Редакция идентификаторы
- 80405_273791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:08
0 Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 91 "Ауылдық (селолық)
жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2925 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени газетінде 2013 жылғы 18 сәуірінде № 37 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. 4 қосымшасы Үржар аудандық мәслихатына келісуге ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқановқа жүктелсін.
4 4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Бітімбаев
«15» сәуір 2014 ж
5 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
Үржар аудандық әкімдігінің
«10» сәуірдегі 2014 ж
№ 139 қаулысына қосымша
Үржар аудандық әкімдігінің
«27» ақпан 2013 ж
№ 91 қаулысына № 4 қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi