О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26-7
- Қабылданған күні
- 31.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2020 89141_447652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZB003897
- ЭКБ идентификаторы
- 89141
- Редакция идентификаторы
- 89141_447652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:43
0 Ақжайық аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2
«Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісікпен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945
жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы енбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, Ауғанстанда әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға санаторлық-курорттық емделуді алу үшін 31 АЕК мөлшерінде;».
2 2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т. Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары Б.Мәкен
«31» наурыз 2015 жыл.
4 Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС – Чернобыль атомдық электр станциясы.