Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»

Ереже · № 4-6 · қабылданған 23.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2013-no16-2/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района» Күшін жойған Ереже ·№ 4-6 ·23.06.2016
28.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 4-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района»
Атауы (қаз.)
Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-6
Қабылданған күні
23.06.2016
Көрсетілген редакция
28.02.2020 104083_447660.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZB004465
ЭКБ идентификаторы
104083
Редакция идентификаторы
104083_447660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:38

0 Ақжайық аудандық мәслихатының

2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2
«Ақжайық ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АЕК-тің 50 пайыз мөлшерінде көрсетіледі.»;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісікпен ауыратындарға, емделудің сүйемелдеу кезіндегі туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын бірінші топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;».

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс-Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
__________М.Тоқжанов
24.06.2016 ж.

Қолданыстағы