О внесении изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 сентября 2013 года №17-8 «О Правилах присвоения звания «Почетный гражданин Жамбылской области (города, района)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 сентября 2013 года №17-8 «О Правилах присвоения звания «Почетный гражданин Жамбылской области (города, района)»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-5
- Қабылданған күні
- 21.08.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2019 93887_427858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002771
- ЭКБ идентификаторы
- 93887
- Редакция идентификаторы
- 93887_427858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:38
0 «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары
туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының
2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-2) тармақшасына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2032 болып тіркелген, 2013 жылғы 05 қарашасында №140 (17828) «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тараудың 7-тармағындағы «Атақ беру жылына облыстық деңгейде бесеуден асырмай, Тараз қаласы деңгейінде бесеуден асырмай, аудандық деңгейде жылына бес азаматтан асырмай берілуі мүмкін.» деген сөздері «Атақ беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жылына бір рет жүзеге асырылады. Атақ беру облыстың, Тараз қаласы мен аудандар деңгейінде бес азаматтан асырмай берілуі мүмкін.» деген сөздерімен ауыстырылсын;
3-тараудың 7-тармағындағы «7.1) Жамбыл облысының құрылғанына
75 жыл толуына және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай бір рет «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы облыс, аудан және Тараз қаласы деңгейінде оннан аспайтын азаматқа берілуі мүмкін.» деген сөздері «7.1) Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай бір рет «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы облыс, Тараз қаласы және аудан деңгейінде жиырмадан аспайтын азаматқа берілуі мүмкін» деген сөздермен өзгертілсін.