Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 121 «Об утверждении Правил аккредитации спортивных федераций»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 25.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-121-ekb-143219/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 121 «Об утверждении Правил аккредитации спортивных федераций» Қолданыста Бұйрық ·№ 144 ·25.05.2020
25.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 121 «Об утверждении Правил аккредитации спортивных федераций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 144 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 121 «Об утверждении Правил аккредитации спортивных федераций»
Атауы (қаз.)
«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
25.05.2020
Көрсетілген редакция
25.05.2020 143219_467828.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020731
ЭКБ идентификаторы
143219
Редакция идентификаторы
143219_467828
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:21

0 «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы

27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы

27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпандағы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының
29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу», «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.»;
4-1 және 5-1-тармақтар алынып тасталсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Спорт түрінен (түрлерінен) республикалық спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.
9. Спорт түрінен (түрлерінен) өңірлік спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.»;
11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібі
13. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін уәкілетті органға «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың
1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
14. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
15. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері төрт жұмыс күні ішінде спорт федерацияларын аккредиттеу туралы комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысында қарау үшін құжаттар топтамасын дайындауды жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау үшін уәкілетті органның жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
17. Комиссия құжаттарды қарайды және қарау қорытындысы бойынша уәкілетті органға:
1) спорт федерациясын аккредиттеу;
2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
18. Комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның бұйрығы, комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - дәлелді бас тарту шығарылады.
19. Уәкілетті органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) дайындау және қол қою жүзеге асырылады.
20. Куәлік жоғалған жағдайда спорт федерациясы бұл туралы оны берген уәкілетті органға хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.
Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы уәкілетті органға портал арқылы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
21. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінеді.
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың
2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
22. Жергілікті атқарушы орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
23. Жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
24. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері төрт жұмыс күні ішінде комиссияның отырысында қарау үшін құжаттар топтамасын дайындауды жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау үшін жергілікті атқарушы орган жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
25. Комиссия құжаттарды қарайды және қарау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға:
1) спорт федерациясын аккредиттеу;
2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
26. Комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның бұйрығы, комиссияның теріс шешімі болған жағдайда дәлелді бас тарту шығарылады.
27. Жергілікті атқарушы органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті дайындау және қол қою жүзеге асырылады.
27-1. Куәлік жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы оны берген жергілікті атқарушы органды хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.
Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы куәлікті қайта ресімдеу туралы жергілікті атқарушы органға портал арқылы өтініш береді.
Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.
27-2. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұрау салуды) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
27-3. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.
27-4.Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы:
спорт түрін (түрлерін) ағымдағы жай – күйін және дамуын талдауды, соның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарын құру және дамыту туралы;
халықтың әртүрлі топтары арасында өткізілген және жоспарланған спорттық іс-шаралар бойынша;
спорт жарыстарына және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың денсаулығын қорғауды және нығайту шарттары туралы;
дене шынықтыру және спорт саласындағы спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды жаттығуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету туралы;
спорт федерациясының қызметін қаржыландыру көздері туралы;
спорт түрін (түрлерін) жақсарту бойынша ұсыныстар туралы ақпаратты қамтиды.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу тәртібі»;
29-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2 және
3-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңның 7-бабына сәйкес республикалық немесе өңірлік мәртебесін сәйкесінше растамаса;»;
4-тарау мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
37. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының
2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 25 мамыры № 144
бұйрығына 1-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
«Рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік спорт фе­де­ра­ци­я­ла­рын ак­кре­дит­теу»
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің өті­ні­шін қа­был­дау және нәти­же­ле­рін бе­ру: «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру-10 (он) жұ­мыс кү­ні;
спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу-5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру –5 (бес) жұ­мыс күн.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік, спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы қай­та ре­сім­дел­ген ку­ә­лік, спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Пор­тал­да – мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда алу үшін уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­дыр­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің әзір­лі­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі - өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру: са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
2) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​sport «Қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы бас­қа­ру­дың ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның же­ке құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның жар­ғы­сы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аты­нан Ха­лы­қа­ра­лық олим­пи­а­да ко­ми­те­ті, Ази­я­ның Олим­пи­а­да ке­ңе­сі та­ны­ған ха­лы­қа­ра­лық спорт ұй­ы­мы­ның мү­ше­лі­гін рас­тай­тын және (неме­се) оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық олим­пи­а­да ко­ми­те­ті­нің та­ны­ғанды­ғы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат - олим­пи­а­да­лық және олим­пи­а­да­лық емес спорт түр­ле­рі бой­ын­ша спорт фе­де­ра­ци­я­ла­ры үшін;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан Ха­лы­қа­ра­лық па­ра­лим­пи­а­да ко­ми­те­ті та­ны­ған ха­лы­қа­ра­лық спорт ұй­ы­мы­ның мү­ше­лі­гін рас­тай­тын және (неме­се) оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық па­ра­лим­пи­а­да ко­ми­те­ті­нің та­ны­ғанды­ғы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат - па­ра­лим­пи­а­да­лық және па­ра­лим­пи­а­да­лық емес спорт түр­ле­рі бой­ын­ша спорт фе­де­ра­ци­я­ла­ры үшін;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан Са­ңы­ра­у­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық спорт ко­ми­те­ті та­ны­ған ха­лы­қа­ра­лық спорт ұй­ы­мы­ның мү­ше­лі­гін рас­тай­тын және (неме­се) оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық па­ра­лим­пи­а­да ко­ми­те­ті­нің та­ны­ғанды­ғы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат - сурдлим­пи­а­да­лық спорт түр­ле­рі бой­ын­ша спорт фе­де­ра­ци­я­ла­ры үшін;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аты­нан ха­лы­қа­ра­лық спорт ұй­ы­мы­на мү­ше­лі­гін рас­тай­тын және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық олим­пи­а­да ко­ми­те­ті­нің та­ны­ғанды­ғы ту­ра­лы құ­жат – ұлт­тық спорт тү­рі (түр­ле­рі) бой­ын­ша спорт фе­де­ра­ци­я­ла­ры үшін;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт тү­рі (түр­ле­рі) бой­ын­ша ке­шен­ді ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­сы­ның жо­ба­сы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт тү­рі­нен (түр­ле­рі­нен) жа­рыс қа­ғи­да­ла­ры­ның жо­ба­сы.
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тар­мақ­та­ры­мен көз­дел­ген та­лап­та­ры­на спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның және (неме­се) он­да ұсы­ны­л­ған де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің сәй­кес кел­ме­уі;
3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап;
4) спорт фе­де­ра­ци­я­сы­на қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) спорт фе­де­ра­ци­я­сы­на қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­те­уді алу­ға бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­та­ры
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің 8 (7172) 740600, 740852 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы не Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның: 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

2 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы «___» ______
№______ бұйрығына
2-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
«Жер­гі­лік­ті спорт фе­де­ра­ци­я­ла­рын ак­кре­дит­теу»
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы ти­іс­ті жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің өті­ні­шін қа­был­дау және нәти­же­ле­рін бе­ру: «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру-10 (он) жұ­мыс кү­ні;
спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу-5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру –5 (бес) жұ­мыс күн.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік, спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы қай­та ре­сім­дел­ген ку­ә­лік, спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Пор­тал­да – мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда алу үшін уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­дыр­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің әзір­лі­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі - өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру: са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
2) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​sport «Қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы бас­қа­ру­дың ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның же­ке құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның жар­ғы­сы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт тү­рі (түр­ле­рі) бой­ын­ша ке­шен­ді ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­сы­ның жо­ба­сы;
құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы спорт тү­рі­нен (түр­ле­рі­нен) жа­рыс қа­ғи­да­ла­ры­ның жо­ба­сы.
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тар­мақ­та­ры­мен көз­дел­ген та­лап­та­ры­на спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның және (неме­се) он­да ұсы­ны­л­ған де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің сәй­кес кел­ме­уі;
3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­теу үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап;
4) спорт фе­де­ра­ци­я­сы­на қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) спорт фе­де­ра­ци­я­сы­на қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де спорт фе­де­ра­ци­я­сы­ның спорт фе­де­ра­ци­я­сын ак­кре­дит­те­уді алу­ға бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­та­ры
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның: 1414,
8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

3 Қазақстан Республикасы

Мәдениетжәне спорт министрінің
2020 жылғы «___» ______
№_____ бұйрығына
3-қосымша
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе
жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)
____________________________________________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және
____________________________________________________________________________________________
және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе
астана көрсетіледі)
_____________________________________________________________________________________________
(спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)
дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.
Мөр орны_____________________ _______________________________________________________
(қолы) (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы
органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)
Берілген күні: 20 __ ж. «___» _______

Қолданыстағы