О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 27 февраля 2014 года № 18-5 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 27 февраля 2014 года № 18-5 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 18-5 «Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-3
- Қабылданған күні
- 13.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2020 111221_445119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZC004760
- ЭКБ идентификаторы
- 111221
- Редакция идентификаторы
- 111221_445119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:48
0 Бөрлі аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5
«Бөрлі ауданында аз
қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін
айқындау Қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5 «Бөрлі ауданында аз камтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3475 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданында аз камтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөрлі ауданында аз камтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағидасы (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда №11015 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындайды.»;
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесі, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар қабылданады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».