О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 20 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 20 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жамбылской области"
- Атауы (қаз.)
- "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 31.07.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2018 82904_295408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002308
- ЭКБ идентификаторы
- 82904
- Редакция идентификаторы
- 82904_295408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:57
0 "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 20 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2147 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 51-52 (17908-17909) «Ақ-жол» және № 41 (17914) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келісі толықтырулар енгізілсін:
15 тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«-заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Премьер-Министрi, әкiмдік және әкiм актілерін «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес орындауды ұйымдастыру;»;
15 тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аймақтағы мемлекеттік этносаясатты іске асыруға жәрдемдесу:
облыстағы этномәдени бірлестіктердің және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, этностардың мәдениеті мен тілдерін өркендетуге және дамытуға практикалық көмек көрсету, оларды қоғамдық келісімді нығайту, халықтық дәстүрлер мен кәсіпшілікті насихаттау бойынша белсенді жұмысқа тарту;
облыс Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдауды іске асыру;
этносаралық және қоғамдық келісім, толеранттылық мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру және консультативтік көмек көрсетуді іске асыру;
Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі» мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
«3. «Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».