О внесении изменений в решение маслихата от 27 февраля 2014 года № 201 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Федоровского сельского округа Федоровского района Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 27 февраля 2014 года № 201 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Федоровского сельского округа Федоровского района Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 201 «Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 25.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 164193_655294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NT00082M
- ЭКБ идентификаторы
- 164193
- Редакция идентификаторы
- 164193_655294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:39
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 201 «Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы № 201 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Федоров ауылдық
округінің әкімі
______________ В. Воробкало
«__» __________ 2022 жыл
3 Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Мәслихаттың
2022 жылғы «25» қаңтардағы
№ 82 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 201 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын
өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Федоров ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Федоров ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Федоров ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Федоров ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Федоров ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Федоров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Федоров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Федоров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.