О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 27 марта 2014 года № 201/29 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу в 2014 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 27 марта 2014 года № 201/29 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Аксу в 2014 году"
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы "2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 201/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267/37
- Қабылданған күні
- 25.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2014 83648_147963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PB004115
- ЭКБ идентификаторы
- 83648
- Редакция идентификаторы
- 83648_147963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:28
0
Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы "2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 201/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы "2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 201/29 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 3764 болып тiркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінде № 32 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:";
атауы мен 1 тармағында "ветеринария" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын.