Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесений изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 марта 2014 года № 22-9 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области»

Ереже · № 50-9 · қабылданған 15.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-22-9/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесений изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 марта 2014 года № 22-9 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области» Күшін жойған 14.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесений изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 марта 2014 года № 22-9 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области»

Күшін жойған Ереже № 50-9 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений и дополнений в решение Жамбылского областного маслихата от 27 марта 2014 года № 22-9 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Жамбылской области»
Атауы (қаз.)
«Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50-9
Қабылданған күні
15.10.2020
Қолданысқа енгізілген күні
07.11.2020
Көрсетілген редакция
14.12.2022 147720_613984.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20G0004771
ЭКБ идентификаторы
147720
Редакция идентификаторы
147720_613984
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 22-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2199 болып тіркелген, 2014 жылы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:
1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жамбыл облысының елді мекендердегі желектерге күтіп ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің  19 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 сәуірде №10886 болып тіркелген, 2015 жылдың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.»;
3 тармағы 31) тармақшасымен толықтырылсын:
«31) Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.».
16-1 тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жасыл желек кесілген жерді қайта қалпына келтіру мақсатында, ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізеді.».

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.