О внесении изменений и дополнения в решение Кокпектинского районного маслихата от 27 мая 2014 года № 24-4/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Кокпектинского районного маслихата от 27 мая 2014 года № 24-4/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 24-4/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-5/5
- Қабылданған күні
- 28.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2020 111251_476001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VO004944
- ЭКБ идентификаторы
- 111251
- Редакция идентификаторы
- 111251_476001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:36
0 Көкпекті аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 мамырдағы № 24-4/2
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 24-4/2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3372 тіркелген, «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің 2014 жылғы 22 маусымдағы № 51, 2014 жылғы 29 маусымдағы № 53 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
1 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Уәкілетті орган- жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Көкпекті ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі;»;
1 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Уәкілетті ұйым- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Көкпекті аудандық бөлімшесі;»;
6 тармақтың 13) тармақшасымен толықтырылсын:
«13) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделудегі тұлғалар – табысын есептеусіз ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».