О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V «О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34/7-VI
- Қабылданған күні
- 24.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 105142_278663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16AAZ01039
- ЭКБ идентификаторы
- 105142
- Редакция идентификаторы
- 105142_278663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:37
0 «Астана қаласында әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасы туралы» Астана
қаласы мәслихатының 2014 жылғы
27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 31 шілдеде «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
барлық мәтін бойынша «ЗТМО» деген аббревиатура «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.