О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V "О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 27 июня 2014 года № 250/36-V "О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290/41-V
- Қабылданған күні
- 29.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 84052_278659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14AAZ00845
- ЭКБ идентификаторы
- 84052
- Редакция идентификаторы
- 84052_278659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:26
0 "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 822 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде № 84 «Астана ақшамы» және № 83 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
5-тараудың 51, 52-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне кірісті есепке алусыз мынадай түрде ұсынылады:
1) тісті протездеу;
2) санаторлық-шипажайлық ем алу;
3) дәрілік құралдармен қамтамасыз ету;
4) коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефон үшін абоненттік төлемді төлеуге ақшалай төлем жасау;
5) Астана қаласының ресми мерзімдік баспа шығармаларына жазылуға арналған ақшалай төлем;
6) моншаға, шаштаразға, мәдени-көпшілік, спорт іс-шараларына баруға, ақшалай төлем.»;
«52. Жасы бойынша зейнеткерлерге және мүгедектерге кірісін есепке алусыз тісті протездеу түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;
5-тараудың 53-тармағындағы 4) тармақша алынып тасталсын.
5-тарау мынадай мазмұндағы 51-1-тармағымен толықтырылсын:
«51-1. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға кірісін есепке алусыз әлеуметтік көмек мынадай түрде көрсетіледі:
1) тісті протездеу;
2) санаторлық-шипажайлық ем алу;
3) дәрілік құралдармен қамтамасыз ету;
4) коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға, телефон үшін абоненттік төлемді төлеуге ақшалай төлем жасау.».