О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 "Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 "Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области"
- Атауы (қаз.)
- "Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 31.07.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2022 82924_615888.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002309
- ЭКБ идентификаторы
- 82924
- Редакция идентификаторы
- 82924_615888
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:57
0 "Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 41 (17914) «Ақ-жол» және № 51-52 (17908-17909) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
18 тармағының екінші бөлігін «сақтай отырып» деген сөздерден кейін «әкiмдік мәжiлiсінің жария етілген күнінен 7 жұмыс күн, ал кезектен тыс әкiмдік мәжiлiсінің жария етілген күнінен 3 жұмыс күн бұрын» деген сөздермен толықтырылсын;
26 тармағындағы «аппаратқа» деген сөздер «аппараттың құжаттама және бақылау бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
33 тармағындағы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн қол қоюға дайындау, келiсу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына» деген сөздермен ауыстырылсын.