Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 «Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области»

Қаулы · № 39 · қабылданған 05.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-26-ekb-88251/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 «Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области» Күшін жойған 24.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 «Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области»

Күшін жойған Қаулы № 39 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 26 «Об утверждении Регламента акимата Жамбылской области»
Атауы (қаз.)
«Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39
Қабылданған күні
05.03.2015
Қолданысқа енгізілген күні
11.05.2015
Көрсетілген редакция
24.11.2022 88251_615904.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15G0002594
ЭКБ идентификаторы
88251
Редакция идентификаторы
88251_615904
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жамбыл облысы әкімдігінің

Регламентін бекіту туралы»
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 26 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2148 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде № 41 (17914) «Ақ жол» және № 51-52 (17908-17909) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентiнде:
24 тармақтың 1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi, ал нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге оның жобасы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын (таратылғанын) растайтын құжаттың және сараптамалық қорытынды көшірмесін, жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесін мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.».

2. Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.