Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 260 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Шолаксай Наурзумского района Костанайской области»

Ереже · № 98 · қабылданған 17.01.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-260/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 260 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Шолаксай Наурзумского района Костанайской области» Күшін жойған Ереже ·№ 98 ·17.01.2022
23.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 260 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Шолаксай Наурзумского района Костанайской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 98 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 260 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Шолаксай Наурзумского района Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 «Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
17.01.2022
Көрсетілген редакция
23.11.2023 163697_668835.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NP00098M
ЭКБ идентификаторы
163697
Редакция идентификаторы
163697_668835
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:43

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 «Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5258 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшаларында:
«Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 шешімімен бекітілген», «Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 шешіміне қосымша» сөздері «Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 шешіміне 1-қосымша» және «Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 260 шешіміне 2-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 98 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 260 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Шолақсай ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Буревестник ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Буревестник ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шолақсай ауылының әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шолақсай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шолақсай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Шолақсай ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы