Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 271 «Об утверждении Правил определения фиксированных тарифов»

Қаулы · № 207 · қабылданған 17.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-271-ekb-111311/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 271 «Об утверждении Правил определения фиксированных тарифов» Күшін жойған Қаулы ·№ 207 ·17.04.2017
17.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 271 «Об утверждении Правил определения фиксированных тарифов»

Күшін жойған Қаулы ·№ 207 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 271 «Об утверждении Правил определения фиксированных тарифов»
Атауы (қаз.)
«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
17.04.2017
Көрсетілген редакция
17.12.2024 111311_735779.kaz
Соңғы өзгеріс
17.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000207
ЭКБ идентификаторы
111311
Редакция идентификаторы
111311_735779
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:23

0 «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлерді енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлердің белгiленген қуатына байланысты сараланады.»;
мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
«11-2. Шетелдік валютада кредиттік міндеттемесі бар жобалар үшін егер ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 % және одан жоғары болған жағдайда, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобаларына арналған тіркелген тарифтерді қоспағанда, тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген, индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер бұрын мұндай индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индексацияны есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;
ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі;
USDt+1 – индекстеу жүргізілетін жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған теңгенің АҚШ долларына қатысты ағымдағы бағамы;
USDt – индексациялау жүргізілген күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы