О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 276 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 276 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 13.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2021 142804_543176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NT009182
- ЭКБ идентификаторы
- 142804
- Редакция идентификаторы
- 142804_543176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:33
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 шешіміне (2015 жылғы 21 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушылар) ұсынылады;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;».