О внесении изменения в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 279 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Федоровском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 27 ноября 2014 года № 279 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Федоровском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 19.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2024 170947_695871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22NT029263
- ЭКБ идентификаторы
- 170947
- Редакция идентификаторы
- 170947_695871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:32
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс еңгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Федоров ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.».