О внесении дополнения в постановление акимата Жаксынского района от 27 марта 2014 года № а-2/82 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Жаксынского района от 27 марта 2014 года № а-2/82 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № а-2/82 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-9/409
- Қабылданған күні
- 30.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2014 84550_184130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BM004468
- ЭКБ идентификаторы
- 84550
- Редакция идентификаторы
- 84550_184130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:09
0 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № а-2/82 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 ақпандағы № 5С-26-5 «Ауылдық жерде жұмыс атқаратын азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салалары мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № а-2/82 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4095 тіркелген, «Жақсы жаршысы» газетінде 2014 жылдың 21 сәуірінде жарияланған), «Жақсы ауданының әкімі Қ. Сүйіндіков» сөздерінен кейін «КЕЛІСІЛДІ» «Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Жанәділов» сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жанәділов