О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 36 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года № 36 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Управление координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 26.12.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2016 86416_Some(109629).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002500
- ЭКБ идентификаторы
- 86416
- Редакция идентификаторы
- 86416_Some(109629)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:16
0 «Жамбыл облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы» Жамбыл
облысы әкімдігінің 2014 жылғы
27 ақпандағы №36 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2153 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында №65-67 (17922-17924) «Ақ жол» және №48 (17921) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16 тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметін үйлестіру.»;
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9, 10, 11 жолдармен толықтырылсын:
«8. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы №1 Жүйке аурулар интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».