Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска"

Қаулы · № 8225 · қабылданған 13.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-6714-ekb-85138/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска" Күшін жойған Қаулы ·№ 8225 ·13.11.2014
24.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска"

Күшін жойған Қаулы ·№ 8225 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска"
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8225
Қабылданған күні
13.11.2014
Көрсетілген редакция
24.05.2016 85138_182163.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VA003579
ЭКБ идентификаторы
85138
Редакция идентификаторы
85138_182163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:59

0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 29, 53-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) облыстың жергілікті атқарушы органына беру үшін қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды оны жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
13-1) қала аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
13-2) туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
13-3) қаладағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;».

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы