О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 27 августа 2014 года № 6714 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства города Усть-Каменогорска»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11361
- Қабылданған күні
- 26.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2016 90921_182165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VA004002
- ЭКБ идентификаторы
- 90921
- Редакция идентификаторы
- 90921_182165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:58
0 Өскемен қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 6714 «Өскемен қаласының
кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесі туралы Ережені
бекіту туралы» қаулысына
өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 27 тамыз-дағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
5) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:
«5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын бұзғаны;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асырғаны;
белгіленбеген орындарда сауда жасағаны;
азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау бөлігінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны;
тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны;
лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін жасау»;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуынмекеменің құзыреті шегінде қамтамасыз ету;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«мекеменің құзыреті шегінде мәселелерді қарау барысында барлық ұйымдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;»;
16-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаланың жергілікті атқарушы органына кәсіпкерлікті дамыту, сауда саясатын, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтаудың, туризмнің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеме мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.».