Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2014 года № 86 "Об утверждении регламентов государственных услуг"

Қаулы · № 274 · қабылданған 25.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no-86/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2014 года № 86 "Об утверждении регламентов государственных услуг" Күшін жойған Қаулы ·№ 274 ·25.09.2014
15.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2014 года № 86 "Об утверждении регламентов государственных услуг"

Күшін жойған Қаулы ·№ 274 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2014 года № 86 "Об утверждении регламентов государственных услуг"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 86 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
274
Қабылданған күні
25.09.2014
Қолданысқа енгізілген күні
24.11.2014
Көрсетілген редакция
15.05.2015 83929_13992.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14G0002352
ЭКБ идентификаторы
83929
Редакция идентификаторы
83929_13992
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:28

0 "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 86 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2205 болып тіркелген, 2014 жылдың 15 мамырында №50 (17923) «Знамя труда» және № 70-71(17927-17928) «Ақ-жол» газеттерінде жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

1)

көрсетілген қаулымен бекітілген «Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы «5. Қорытынды ережелер» тараумен және 13-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қорытынды ережелер
13. «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген регламент осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы «5. Қорытынды ережелер» тараумен және 13-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қорытынды ережелер
13. «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген регламент осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылы;

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№274 қаулысына 1-қосымша
«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық
разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылы;

11 *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылы;

Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№274 қаулысына 2-қосымша
«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi
және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру»

Қолданыстағы