О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 27 мая 2014 года №126 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 27 мая 2014 года №126 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление по инспекции труда Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 05.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 94464_273234.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0004089
- ЭКБ идентификаторы
- 94464
- Редакция идентификаторы
- 94464_273234
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:08
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 мамырдағы №126
«Батыс Қазақстан облысының
еңбек инспекциясы бойынша
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2014 жылғы 27 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3560 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдедегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ережесінде:
16 - тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы еңбек заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу;».