Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года №45 «Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта акимата Жамбылской области»

Қаулы · № 322 · қабылданған 28.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2014-no45/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года №45 «Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта акимата Жамбылской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 322 ·28.12.2015
27.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года №45 «Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта акимата Жамбылской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 322 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 февраля 2014 года №45 «Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта акимата Жамбылской области»
Атауы (қаз.)
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
322
Қабылданған күні
28.12.2015
Қолданысқа енгізілген күні
31.01.2016
Көрсетілген редакция
27.11.2017 97628_264730.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15G0002894
ЭКБ идентификаторы
97628
Редакция идентификаторы
97628_264730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:28

0 «Жамбыл облысы әкімдігінің дене

шынықтыру және спорт басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы» Жамбыл
облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27
ақпандағы №45 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №45 «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2145 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда «Ақ жол» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 322 қаулысына қосымша
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін
өзгерістер (бұдан әрі - Ереже)
Ереженің 15, 16-тармақтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

15 «15. Міндеттері:

1 1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

2 2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

3 3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

4 4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.»;

16 «16. Функциялары:

1 1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

2 2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;

3 3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4 4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5 5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6 6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

7 7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

8 8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы,

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

9 9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

10 10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

11 11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

12 12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

13 13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-

интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

14 14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

15 15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

16 16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізеді;

17 17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

18 18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

19 19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

20 20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

21 21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

22 22) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аймақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді, сондай-ақ олардың мониторингін қамтамасыз етеді;

23 23) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама

командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді;

24 24) ішкі бақылау қызметінің жұмысын ұйымдастырады;

25 25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жамбыл облысы әкімдігімен басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6-тарау мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың, серіктестіктердің) тізбесі»

1 1.«Тараз» футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2 2.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны;

3 3.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

4 4.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жамбыл» бокс клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

5 5.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қазақ күрес клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

6 6.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз» волейбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

7 7.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Айша бибі» су добы клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

8 8.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

9 9.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әулие-Ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

10 10.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11 11.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12 12.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13 13.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14 14.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15 15.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16 16. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17 17.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №5 футболдан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18 18.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №6 бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19 19.«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қолданыстағы