О внесений изменений в решение акима Сарканского района от 27 января 2015 года № 1-1 "Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Сарканскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменений в решение акима Сарканского района от 27 января 2015 года № 1-1 "Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Сарканскому району"
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы "Сарқан ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 1-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-1
- Қабылданған күні
- 19.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2018 98898_376507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DQ003698
- ЭКБ идентификаторы
- 98898
- Редакция идентификаторы
- 98898_376507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:04
0 Сарқан ауданы әкімінің
2015 жылғы 27 қаңтардағы
«Сарқан ауданы бойынша
дауыс беруді өткізу және
дауыс санау үшін сайлау
учаскелерін құру туралы»
№ 1-1 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Сарқан ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Сарқан ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 9 ақпанында № 3036 тіркелген, аудандық «Сарқан» газетінде 2015 жылдың 21 ақпанында № 8 жарияланған) № 1-1 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының қырық жетінші абзацындағы «Орталығы: Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 94, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп.» сөздері «Орталығы: Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 45, «Қ. Қазыбайұлы атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйі» «Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 2 филиалы.» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының жетпіс бірінші абзацындағы «Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, Қарғалы орта мектебі.» сөздері «Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң қанаты.» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының жетпіс төртінші абзацындағы «Орталығы: Соколовка ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 32, «Вахитов» шаруа қожалығының әкімшілік ғимараты.» сөздері «Орталығы: Қарғалы ауылы, Мұхаметжан Тынышбаев көшесі № 16, «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол қанаты.» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының жетпіс жетінші абзацындағы «Орталығы: Шатырбай ауылы, Абай көшесі № 50, Шатырбай орта мектебі.» сөздері «Орталығы: Шатырбай ауылы, Нұғманов көшесі № 30, «Шатырбай ауылдық Мәдениет үйі» «Сарқан ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 5 филиалы.» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының тоқсан екінші абзацындағы «Орталығы: Мұқан Төлебаев ауылы, Мұқан Төлебаев көшесі № 26, Мұқан Төлебаев атындағы орта мектеп.» сөздері «Орталығы: Мұқан Төлебаев ауылы, Мұқан Төлебаев көшесі № 15 а, «Мұқан Төлебаев ауылдық Мәдениет үйі» «Сарқан ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының № 7 филиалы.» сөздерімен ауыстырылсын.
2
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.