Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 120 "Об утверждении Правил приема квалификационных экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта на право производства определенного вида судебной экспертизы"

Бұйрық · № 376 · қабылданған 31.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-120/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 120 "Об утверждении Правил приема квалификационных экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта на право производства определенного вида судебной экспертизы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 376 ·31.05.2016
30.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 120 "Об утверждении Правил приема квалификационных экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта на право производства определенного вида судебной экспертизы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 376 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 120 "Об утверждении Правил приема квалификационных экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта на право производства определенного вида судебной экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
376
Қабылданған күні
31.05.2016
Көрсетілген редакция
30.03.2017 103966_179648.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013858
ЭКБ идентификаторы
103966
Редакция идентификаторы
103966_179648
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:58

0 «Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 27 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сот сараптамасы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда - дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);
3) арнайы кәсіби дайындығының қорытындысы жөнінде пікір немесе қайта даярлаудан өткендігі туралы құжат көшірмесі;
4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша мәліметтер.».

3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті белгілеген заңнамалық тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы