Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 апреля 2015 года № 125/4 «О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Павлодарской области»

Қаулы · № 21/2 · қабылданған 10.02.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-1254/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 апреля 2015 года № 125/4 «О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Павлодарской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 21/2 ·10.02.2017
14.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 апреля 2015 года № 125/4 «О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Павлодарской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 21/2 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 апреля 2015 года № 125/4 «О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» № 125/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/2
Қабылданған күні
10.02.2017
Көрсетілген редакция
14.11.2017 110008_259097.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005388
ЭКБ идентификаторы
110008
Редакция идентификаторы
110008_259097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:13

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» № 125/4 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Павлодар облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» № 125/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)» деген жолдағы «Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия» деген сөздер «Олимпиада ойындарына қатысу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)» деген жол келесі редакцияда жазылсын:
«
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы)
1-орын
150 АЕК
2-орын
120 АЕК
3-орын
100 АЕК
4-6-орындар
80 АЕК
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу
70 АЕК
»;
«Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты» деген жол келесі редакцияда жазылсын:
«
Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты
1-орын
40 АЕК
2-орын
20 АЕК
3-орын
15 АЕК
».

2 2. «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы