О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 135 «Об утверждении Правил приема, хранения сведений с контрольно-кассовых машин с функцией фиксации и (или) передачи данных о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, работ, услуг, а также их передачи в органы государственных доходов оператором фискальных данных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 135 «Об утверждении Правил приема, хранения сведений с контрольно-кассовых машин с функцией фиксации и (или) передачи данных о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, работ, услуг, а также их передачи в органы государственных доходов оператором фискальных данных»
- Атауы (қаз.)
- «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 30.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 111818_301013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015069
- ЭКБ идентификаторы
- 111818
- Редакция идентификаторы
- 111818_301013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:34
0
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 135 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10665 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларына:
6-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;