Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 136 «Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов»

Бұйрық · № 1023 · қабылданған 27.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-136/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 136 «Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов» Қолданыста Бұйрық ·№ 1023 ·27.09.2023
27.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 136 «Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1023 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 136 «Об утверждении формы и Правил ведения журнала учета движения нефтепродуктов на автозаправочных станциях и базах нефтепродуктов»
Атауы (қаз.)
«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1023
Қабылданған күні
27.09.2023
Көрсетілген редакция
27.09.2023 186566_657993.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033474
ЭКБ идентификаторы
186566
Редакция идентификаторы
186566_657993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:36

0 «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
14. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;
4-параграфтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.»;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«36. 13-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
37. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1023 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша
нысан
20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
*____________________________________________________________________
Күні
Мұнай өнімінің пин-коды
Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннамен)
Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)
Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны өткізілген)
Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері
Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер
Журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы
жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі
ілеспе жүк- құжатының нөмірі
ілеспе жүкқұжатының күні
ілеспе жүкқұжаты бойынша мөлшері (тоннамен)
7
8
9
10
11
12
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын мұнай өнімі нарығының субъектілері, меншік иесінің (жалға берушінің) атауы, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді. Отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіші автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаға сәйкес толтырылады.
Автожанармай құю станциясындағы
мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналына
қосымша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері
Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні
Мұнай өнімдерінің түрлері
Жұмыс күнінің (ауысымның) басында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері
жұмыс күнінің (ауысымның) соңында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері
Жұмыс күні (ауысымда) ішінде ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен*
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
№ 1 ОҮК
№ 2 ОҮК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері – жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері.

2 20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1023 Бұйрыққа
2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша
нысан
20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
кү­ні
мұ­най өнім­де­рі­нің түр­ле­рі
мұ­най өні­мі­нің пин-ко­ды
мұ­най өнім­де­рі­нің қоз­ға­лы­сы (тон­на­мен)
жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) ба­сын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
са­тып алын­ған мұ­най өні­мі (мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­нан не ре­зер­ву­ар­дан ор­ны ауы­сты­ры­л­ған)
са­ты­л­ған мұ­най өнім­де­рі (мұ­най өнім­де­рі ба­за­сы­на не ре­зер­ву­ар­дан ор­ны ауы­сты­ры­л­ған)
жұ­мыс кү­ні­нің (ауы­сым­ның) со­ңын­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің қал­ды­ғы (мөл­ше­рі)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
мұ­най өнім­де­рін алушы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
жур­нал­ды жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) қо­лы
мұ­най өнім­де­рін жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
жет­кі­зу­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
іле­с­пе жүк­құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
мұ­най өнім­де­рін алушы­ның ата­уы
алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
іле­с­пе жүк­құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
8
9
10
11
12
13
14

Қолданыстағы